Шымкент тұрғыны марихуана шегіп алып көлік айдаған

Сурет: видео скрині
Шымкентте патрульдік полицейлер масаң күйдегі ер адам айдап бара жатқан Kia Rio автокөлігін бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен.

Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.

Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

+40°С-қа дейін: Қазақстанда аптап ыстық қайта күшейеді