Синоптиктер елімізде күн қайта күрт ыси бастайтынын болжайды

Сурет: unsplash
Синоптиктер алдағы сәрсенбі - 2024 жылы 29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон республикамыздың батыс және оңтүстік өңірлерінде өз әсерін сақтап, күн райы жауын-шашынсыз болады.

"Еліміздің қалған аумағы әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, күн райы жауын-шашынды болады. Алматы облысының тауларында, түнде ҚР шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің екпін алуы тән, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ түседі, батыс, оңтүстік-батыс өңірлерде қатты жел соғады, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі", делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, Абай облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады.

Сондай-ақ, синоптиктер өрт қаупі жоғары өңірлерді де атады:


"Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Алматыда алғаш рет электр самокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Балағат сөздер – ұрпақтың санасын улайтын қауіпті дерт