"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ел экономикасын қолдау мақсатында шамамен 3,5 трлн теңге бөледі

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
Үкіметтің экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан экономикасына шамамен 3,5 трлн теңге сомасында қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.

"Үкімет "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражатын, экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруға тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капиталды белсенді түрде тартады. "Бәйтерек" желісі бойынша ағымдағы жылы 3 трлн теңгеден астам сомаға жобаларды қаржыландыру жоспарлануда", - деп толықтырды Олжас Бектенов.

Қолдаудың негізгі бөлігі тікелей қолдау құралдары арқылы көрсетілетін болады, оған 2,8 трлн теңге бөлінеді.

Бұл қаражат келесідей бөлінеді:

Бұдан басқа, кепілдік беру, субсидиялау және сақтандыру сияқты жанама қолдау құралдары арқылы 700 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетін болады:

Бұл бастама экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларында өсуді ынталандыруға бағытталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды