Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық соты – 26 маусым

Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Бүгін, 2024 жылғы 26 маусымда Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымын қарау бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот залынан онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.

Еске салайық, 2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

27 мамырда елордалық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түскені белгілі болды. Кейін Бишімбаевтың адвокаты өтініштің мәнін айтты.

14 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін екенін айтты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі