Қазақстанда банкті лицензиясынан айыру - өтемақы алу тәртібі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры маңызды хабарлама таратты. Ведомство банк лицензиясынан айырылса, салымшыларға не істеуі керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚДКБҚ кепілдіктері нені өтейді?

Қор жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ислам банктерінен басқа банктердің барлығында орналастырылған қаражаттарын қорғайды.

Кепілді өтемді төлеу қашан басталатындығын салымшы қалай біледі?

ҚДКБҚ банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 30 жұмыс күні ішінде ресми баспасөз басылымдары арқылы салымшыларға төлемнің басталу күні, Қор атынан өтем төлейтін агент банк, төлемдердің кезеңі мен орны туралы ақпарат береді.

Бұл мәліметтер сондай-ақ ҚДКБҚ, қаржы нарығының реттеушісінің (ҚНРДА) және агент банктің интернет-ресурстарына орналастырылады. Қосымша ретінде бұл ақпараттар телеарналар мен әлеуметтік желілерде де жарияланады.

Кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдау қашан басталады?

Бұл үдеріс ҚДКБҚ-ның хабарламасынан кейін 5 жұмыс күні ішінде басталады. Салымшы белгіленген нысандағы өтінішті толтырып, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Депозит бойынша өтем алуға төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде жүгінуге болады. Төлем мерзімінің аяқталғандығы туралы ҚДКБҚ салымшыларға төлем мерзімі аяқталғанға жарты жыл және 30 күн қалғанда хабарлайды.

Өтінішпен қайда жүгіну қажет?

Кепілді өтемді төлеуге өтінішті ҚДКБҚ-ға немесе агент банкке тапсыруға болады. Егер салымшы қандай да бір жағдайға байланысты өзі жүгіне алмайтын болса, оның атынан мына өкілдері жүгіне алады:

ҚДКБҚ қандай сомаларға кепілдік береді?

Салымшылардың ақшалай қаражаты салымның түрі мен валютасына қарай максималды кепілдік мөлшерінде жүзеге асырылады:

Қазақстанның бейрезиденттеріне де осы кепілді өтем көлемі қолданылады.

Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозиті болса ол қандай мөлшерде өтем сомасын ала алады?

Сақтандыру жағдайы туындаған кезде әрбір салым түрі бойынша белгіленген кепілдік сомасы ескеріле отырып, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі. Бұл ретте шекті кепілдік мөлшері 20 млн теңгеден асырылмайды. Кепілдік мөлшерінен асатын соманы салымшылар банктің тарату комиссиясынан кезектіілк тәртібі бойынша алады. Тарату комиссиясын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тағайындайды.

Егер салымшы төлем мерзімін өткізіп алса, қаражаттарына қол жеткізе алады ма?

Егер салымшы төлем мерзімі барысында өтем ақшасын алуға жүгінбесе, талап етпеген өтем ақшасын Қор оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған зейнетақы шотына аударады. Соған қарамастан, салымшы егер төлем мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған болса, өтем алуға өтініш беруге құқылы. Ал дәлелді себептер мыналар:

ҚДКБҚ қандай кеңес береді?

Салымшылар сақтандыру жағдайы туындаған кезде ақшаларын ұзақ күтіп қалмас үшін және оларды толығымен алулары үшін Қор оларға ақшаларын әрбір салым бойынша сақталуына кепілдік берілген шекті соманы және сыйақы мөлшерін ескере отырып, бір емес, бірнеше банкте әртүрлі салымдарда орналастыруға кеңес береді. Өйткені әртүрлі банктерде жатқан ақшаларға әртүрлі банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі.

Бұған дейін жалпыға бірдей декларацияны тапсыру кезінде қазақстандықтар көбіне қандай қателіктер жіберетіндігін айтқан болатынбыз.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: