Павлодарда лифтіде өрт шықты

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары лифтіде шыққан өрт кезінде 11 адамды эвакуациялады, де хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар қаласы Малайсары батыр көшесі бойындағы он қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасында қоқыс өртенді.
"ТЖМ қызметкерлері түтін аймағынан баспалдақ маршымен 11 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады", - делінген хабарламада.
Өрт дереу сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript