Павлодарда өрт кезінде 12 адам құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Павлодардағы өрт кезінде ТЖМ құтқарушылары 12 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, 13 қыркүйек күні Павлодарда Ю.Гагарин көшесінде орналасқан тұрғын үйде үшінші және төртінші қабаттардағы балкондар өртенді. Жану алаңы 12 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер бұл жерге жедел келіп, өрттің одан әрі тұрғын үй-жайларға таралуына жол бермей, сөндірді. Өрт сөндіру жұмыстары барысында түтін толған ғимараттан 12 адам, оның ішінде үш бала эвакуацияланды.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда",- деп нақтылады ведомство.
ТЖМ балкондарды киіммен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен және басқа да заттармен толтырмауды ескертті.
Бұған дейін тараздық құтқарушылардың 3 жасар қызға көмек көрсеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript