Петропавлда өрт кезінде 13 адам құтқарылды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ТЖМ құтқарушылары 2025 жылғы 27 қазанда Петропавл қаласындағы өрт кезінде 13 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау Балатбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің балконынан басталған — шамамен 5 шаршы метр аумақта жеке заттар жанған.
"Жағдай бірнеше минут ішінде үлкен қайғыға ұласуы мүмкін еді. Алайда дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, оттың таралуына жол бермеді. Олар балкон арқылы пәтерлерге кіріп, 13 адамды эвакуациялады",- делінген мәліметте.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
"Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің шығу себебі, темекі шегу кезінде отты абайсызда пайдалану".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанадағы шаруашылық корпустардың бірінде алапат өрт тұтанғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript