Психологтар әсіресе осы саз балшықпен жұмыс істеу даму деңгейі тежелген ерекше балаларға пайдасы көп дейді.
Тәрбиеленушілердің көнеден келе жатқан қыш өнерін үйренуге қызығушылығы мол. Өз кезегінде педагог психолотар құмыра жасау әсіресе аутизм сияқты дертке шалдыққан балаларға берері көп дейді. Жұмысты тиянақты атқаруға бейімделіп, зейінін дамытады, деп жазады qazaqstan.tv.
Аутизммен ауыратын балалардың зейіні бірдеңеге бағытталған да. Балаға бір жұмысты беріп бағыттап қойсаңыз, бала күнделікті өзі келіп отырып, ары қарай істеп кете алады. Баланың сөйлеуге қабілеті дамиды. Бибігүл Сейдахметова, психолог
Балабақшаның тағы бір ерекшелігі – мұнда балалар ерте еңбекке бейімделеді. Асхана орталығында қыз балалар тәттілер пісіруді үйренеді. Сондай- болашақ өмірлеріне қажетті тігін тігуді де меңгереді. Ол үшін кішкентайларға арналған тігін машиналары бар.
"Тігін орталығында балаларды қарапайым тігістерге, алжапқыш, орамала тігуге үйретеміз. Басында балалар қиналды, ептей алмай. Кейін кейін қолдары үйреніп, тігінді жақсы тігіп кетті игеріп." Азиза Маратқызы, тәрбиеші
Ақсүйек, шаңырақ, бес тас, асық сияқты ұмыт бола бастаған ойындар да оқу бағдарламасына енгізілген. Осылайша шалғайдағы балабақша жас ұрпақтың бойына ұлттық құдылықтарды сіңіріп тәрбиелеп жатыр.