Уақытты қайтару туралы өтініш: алдын ала шешім жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Жұмыс тобының төрағасы, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев 2 тамызда Қазақстанда ескі уақыт белдеуіне оралу туралы петицияны қоғамдық талқылау барысында алдын ала шешім шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, өтінішті қарау кезінде сағат белдеуінің өзгеруі электр энергиясын тұтыну мен халықтың денсаулығына әсер етті деген уәждер расталмады.

"Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерге сүйенетінін айтып, статистика 12 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада сағат тілі ауысуы халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растаған жоқ", — деді Қайрат Балықбаев.

Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған.

"Біз қараған барлық кезеңде арызданушылардың уәждері расталмады, сондықтан мен министрліктің алдын ала шешімін айтып отырмын, бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы", — деп түйіндеді вице-министр.

Қазақстан тұрғындары 2024 жылдың 1 наурызынан бастап UTC+5 біртұтас уақыт белдеуінде тұра бастады.

Сәуірдің 22-сі күні уақытты өзгертуді алып тастауды талап етіп петиция берілді.

7 маусымда ол қарау үшін қажетті дауыс санын алды – 50 мың. Кейінірек, 21 маусымда уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі