Baiqonyr кинофестивалі дарынды режиссерлердің басын тоғызыншы рет қосады

3-8 қыркүйек аралығында Алматыда тоғызыншы рет Baiqonyr халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестиваль қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырып, оған қатысуға 670-тен астам өтініш түсті.

Baiqonyr – бұл Орталық Азиядағы дебюттік және қысқаметрлі фильмдер бойынша өтетін бірегей халықаралық фестиваль. 

Фестиваль үш бағытты қамтиды:

Киносарапшы және фестивальдің бағдарлама директоры Ержан Жұмабековтің айтуынша, 20 елден келіп түскен 670 өтініштің ішінен фестивальде байқау бағдарламасына қатысатын 33 фильм іріктеліп алынған. Байқауға Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей сияқты елдердің өкілдері қатысты.

Ұлттық байқауға Қазақстаннан 150-ден астам өтініш түсіп, оның ішінде 17 фильм байқау бағдарламасына өткен.

"Қатысушылар арасында студенттер де, белгілі жас режиссерлер де бар. Фильмдер түрлі жанрды қамтығаны қуантады. Әлеуметтік драмалармен қатар, хоррор, мюзикл, триллер жанрында түсірген фильмдер де бар. Байқауға қатысқан фильмдерде көбіне өзін-өзі тану және отбасы құндылықтары тақырыптары қамтылған". Ержан Жұмабеков

3 қыркүйекте фестиваль қазақстандық режиссер Кенжебек Шайқақовтың "Айқай" фильмімен ашылады. Фильмнің халықаралық премьерасы Пусан халықаралық кинофестивалінде өткен.

Биылғы бағдарламаның ерекшелігі – толықметрлі фильмдердің дебюттік байқауы енгізіліп отыр.

"Байқау алдында біз фильмдерді іріктеп, панорамалық көрсетілімдер өткіздік. Бастамасы жақсы болады деп үміттенеміз және байқауға қысқа және толықметрлі фильмдер қатысады", - деді Жұмабеков.

Байқау бағдарламасындағы фильмдерді көрсетуден басқа фестивальде танымдық іс-шаралар да өткізіледі:

Baiqonyr кинофестивалі тоғыз жылдан бері мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз ұйымдастырылып, киноиндустрияны дамытуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар фестиваль дарынды режиссерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті авторлардың әлемдік кино қауымдастығына шығуға мүмкіндік беретін платформа ұсынып келеді. Осы жылдар ішінде Қазақстанның және басқа елдердің 102 қатысушысы фестиваль лауреаты атанды.

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: