Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2026 11:14 Фото: unsplash
Алматы халықаралық туристік әрі іскерлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуды жалғастырып келеді. 2026 жылғы 31 мамырдан бастап мегаполис тұрғындары мен қонақтары Польша астанасы — Варшава қаласына тікелей ұша алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа рейсті Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines іске қосады.

Әуе рейстері заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады. Бұл Қазақстан мен Еуропа арасындағы қатынасты барынша жайлы әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді.

Жаңа бағыттың ашылуына орай 1 маусым күні Алматыға польшалық туроператорлар мен тревел-блогерлерден құралған делегация келеді. Қонақтар үшін қаламен танысуға арналған мазмұнды бағдарлама әзірленген. Бағдарлама аясында олар Алматының басты көрікті жерлерін, заманауи туристік инфрақұрылымын, гастрономиялық орындарын аралап, Іле Алатауындағы демалыс аймақтарына барады.

Сонымен қатар Польша туристік индустриясының өкілдері алматылық туроператорлар және бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, бірлескен жобалар мен өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: