Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ

Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 22:56 Сурет: Алматы әкімдігі
1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылады. Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды. Бұл туралы бүгін, 29 сәуірде Алматы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметке сүйенсек, жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы мен Алматыны жалғап, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы етеді.

"Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп",- делінген ақпаратта.

Тікелей рейстің ашылуы туризмді дамытуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және мәдени байланысқа тың серпін беріп, Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайта түседі.

Бұған дейін Алматыда мереке күндері көшелердің бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: