Алматыда мереке күндері көшелердің бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Фото: Zakon.kz
Жөндеу жұмыстарына байланысты оңтүстік астанада бірнеше күнге Шемякин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, Шемякин көшесінің бір учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"30 сәуір сағат 07:00-ден 2 мамыр сағат 07:00-ге дейін Даналық көшесінен Кожедуб көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады". Алматы әкімдігі
Атап өтілгендей, жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.

Сурет: Алматы әкімдігі
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады",- деп мәлімдеді мамандар.
Бұған дейін Алматыда 30 сәуірден бастап бес автобус бағытының жүру сызбасы өзгеретіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript