Алматыда Ұлықбек көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
Фото: Zakon.kz
Ұлықбек көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтсақ, 31 шілде күні сағат 21:00-ден 1 тамыз күні сағат 07:00-ге дейін Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карты" сервистерінде жарияланады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript