Алматыда 30 сәуірден бастап бес автобус бағытының жүру сызбасы өзгереді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда алдағы бейсенбі, 30 сәуірден бастап бес бірдей автобустың қозғалыс бағытына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 29 сәуірде Алматы қаласының Көлік холдингі мәлімдеп, өзгерістердің себебін де түсіндірді:
"Шемякин көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. 30 сәуірден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бағыттардың қозғалыс сызбалары өзгереді".
№ 8
- Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Богдан Хмельницкий көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Папанин көшесі – Жангелдин көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
№ 32
- Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Сүйінбай даңғылы – Богдан Хмельницкий көшесі – Майлин көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Сүйінбай даңғылы – әрі қарай сызба бойынша.
№ 51
- Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Богдан Хмельницкий көшесі – Майлин көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Папанин көшесі – Жангелдин көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
№ 79
- Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Сүйінбай даңғылы – Богдан Хмельницкий көшесі – Майлин көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Сүйінбай даңғылы – әрі қарай сызба бойынша.
№ 126
- Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Богдан Хмельницкий көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Папанин көшесі – Жангелдин көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
Бұған дейін Астанада Сығанақ пен Әйтеке би көшелерінің қиылысы ішінара жабылатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript