Қазақстанға тағы бір шетелдік әуе рейсі ашылады

Қазақстанға тағы бір шетелдік әуе рейсі ашылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 10:25 Сурет: Azerbaijan Airlines
Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы – Azerbaijan Airlines (AZAL) 2026 жылғы маусым айынан бастап Шымкент қаласына тұрақты рейстерді іске қоспақ. Жаңа бағыт бойынша әуе билеттері сатылымға шығып та үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az порталының AZAL баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, Баку – Шымкент – Баку бағыты бойынша алғашқы рейс 16 маусымда орындалады.

Ұшу кестесі:

  • 16–27 маусым аралығында – аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері;
  • 30 маусымнан бастап – аптасына үш рет: Бакуден Шымкентке – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері; Шымкенттен Бакуге – сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері.

Шымкент AZAL әуе компаниясының Қазақстандағы бағыттар желісіндегі төртінші қала болмақ. 2025 жылы әуе компаниясы Алматы, Астана және Ақтау бағыттары бойынша (екі бағытты қоса есептегенде) шамамен 850 тұрақты рейс орындаған.

Жаңа бағыттың ашылуы Шымкент тұрғындарына тек Бакуге баруға ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан астанасы арқылы ыңғайлы транзиттік рейстерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жолаушылар AZAL-дың кең маршруттық желісі арқылы Ыстамбұл, Дубай, Тель-Авив, Милан, Лондон, Прага және Таяу Шығыс, Еуропа мен Азияның басқа да қалаларына ұша алады.

Әуе билеттерін azal.az ресми сайтынан, мобильді қосымша арқылы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines компаниясының кассаларынан және аккредиттелген агенттіктерден сатып алуға болады.

Бұған дейін Қазақстан авиациясы ұшу географиясын кеңейтуде екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: