109 ұшақ және 135 халықаралық маршрут: Қазақстан авиациясы ұшу географиясын кеңейтуде
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылы Қазақстанның азаматтық авиациясының дамуы әуе паркінің жаңаруымен және маршруттық желінің белсенді кеңеюімен қатар жүрді.
Жаңа Airbus A320 және Boeing 737 MAX 8-ді қосқанда әуе кемелері паркі 109 бірлікке жетті.
Қазақстан аптасына 626 рейс жиілігімен 135 халықаралық бағыт бойынша 30 елмен әуе қатынасын қалпына келтіріп, ашты, - деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
2025 жылы Арқалық әуежайын қалпына келтіру басталды, Алматы әуежайын дамыту жоспарлары таныстырылды және "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-да әуежай салу бойынша инвестициялық келісім жасалды.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы аудитінің қорытындысы бойынша халықаралық авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript