"Бұл менің азаматтық парызым және саналы шешімім" — қоғам қайреткері референдум жайында
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі
Белгілі қоғам қайраткері және азаматтық белсенді Бейбіт Сарыбаев Қазақстанда атом электр стансасын салу (АЭС) мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейбіт Сарыбаевтың айтуынша, референдумның елдің болашағы үшін маңызы зор.
"Бүгін Қазақстанда маңызды оқиға — АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Менің ойымша, әрбір азамат осы шешімді қабылдауға өз үлесін қосуы керек. Мен мүмкіндікті пайдаланып, өз таңдауымды жасадым. Бұл менің азаматтық борышым және саналы шешімім", — деді Бейбіт Сарыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі сағат 20.00-ге дейін ашық болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript