Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы дауыс беру учаскісіне барды
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор және әнші Алтынбек Қоразбаев Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнер майталманы №202 мектеп-гимназиясында орналасқан № 211 учаскесіне келді. Алтынбек Қоразбаев референдумның маңыздылығына ерекше тоқталды.
"Бүгін әрбір дауыс маңызды. Біз осы референдум нәтижесі арқылы халықтың көңіл-күйін, сенімін, үмітін, қоғамымыздың даму жолындағы көзқарасын біле аламыз. Сондықтан баршаңызды дұрыс шешім қабылдауға шақырамын", - деді Алтынбек Қоразбаев.
Еске салайық, бүгін республикалық референдум өтуде. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауысын бере алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript