Жаңалықтар тізбегі
0

Композитор, ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды

Мерейтой, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 21:56 Сурет: Facebook/Altynbek Korazbayev
2 ақпанда композитор, ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды. Қайраткер алдағы демалыс күндері халық алдында есеп бермекші, деп хабарлайды Zakon.kz.
"75-ке келсем де Қызылсай ауылым, бала кезім айына бір түсіме кіреді» деп бастады әңгімесін сазгер. Әншінің өткеніне өкпесі жоқ. Халықтың алғысына бөленген Алтынбек Қоразбаевтың өнерден ойып алар орны бөлек. Оның шығармашылығында қазақ халқының басынан кешкен тауқыметі өзіне лайық бейнесін тапқан. Өткен ғасырда елге тез тараған "Қара шал", "Қара кемпір", "Қара пима" әндері сөзімізге дәлел. "Немене сонша мұңлы ән жазасың?", "Қара кемпір, қара шал, қара бала деп жылайсың" деген әңгіме болған. "Қазақ әдебиеті" газетіне жазылған. Сонда: "Айналайын халқым, Қоразбаевқа рахмет! Қазақтың "Елім-ай" деген мұңды әнінен кейінгі орында Алтынбектің "Қара кемпір" толғауы тұр" деп Хамит Ерғалиев атамның айтқаны бар. Сол кісі айтпақшы, мен енді өкінбеймін. Елім аман", деп Almaty.tv туған күн иесі - Алтынбек Қоразбаевтың сөзін келтіреді.

Алтынбек Қоразбаевтың ел жадынан өшпейтін әндері жетерлік. "Айхай-25", "Үшқоңыр", "Қоштасудың қиыны-ай", "Сырғалым", "Сағындым Алматымды" секілді туындылары тыңдарманды әлі күнге елітеді.

Композитор "өнер адамдары адалдықты сақтаса" дейді. Өйткені жүректен шықпаған дүние жүрекке жетпейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: