1 мамырдан бастап Алматыдан Азиядағы ең заманауи қалалардың біріне әуе рейсі ашылады

Алматы, Пусан, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 12:32 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қаласынан Азиядағы ең заманауи қалалардың біріне жаңа әуе бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа рейс жолаушылар үшін халықаралық бағыттар бойынша қатынауды жеңілдетіп, туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлады 29 сәуір 2026 жылы Алматы қаласының әкімдігі.

1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылады. Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды. Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы мен Алматыны жалғап, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы етеді.

Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.

Тікелей рейстің ашылуы туризмді дамытуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және мәдени байланысқа тың серпін беріп, Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайта түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: