Қазақстандық әуе компания мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады

Қазақстандық әуе компания мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 15:37 Сурет: gov.kz
Қазақстандық әуе компания мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.

Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: