Қазақстан Түркияға ет экспорттайды

Сурет: pixabay
Қазақстаннан Түркияға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты ұлғаймақ, деп жазады Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың түркиялық әріптесімен кездесуі барысында бірқатар тиісті құжаттарға қол қойылды. Ал түрік инвесторлары елімізге ауыл шаруашылығы техникасы мен терең өңдеу технологияларын әкелуге ниетті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 13 пайызға өскен. Ал қос елдің министрлері кездескен осы сапар аясында құны 2 млрд доллар болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды, деп жазады qazaqstan.tv.

"Жалпы 2 млрд жуық құжаттарға қол қойылды. Ол өте маңызды. Бізге Қазақстанға керек. Түркияға да керек. Сондықтан, бұл жұмыс дұрыс атқарылады деп ойлаймын. Ал енді оны бақылауға ұстау үшін екі мемлекеттің жұмыс тобы бар. Сол жерде біз бақылауда ұстаймыз. Және министрмен келістік. Ол кісі де оны қолдап отыр. Одан басқа, біз жол картасына қол қойдық. Сол жол картасында қандай проектілер, қандай жұмыстар атқарылатын болады және қай уақытта, кім жауапкершілік алады бәрі жазылған." Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Қазір тағы 10 инвестициялық ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның жалпы құны — 553 млн АҚШ доллары. Сондай-ақ қазақ кәсіпкерлері Түркияға алғашқы бетте 80 млн доллардың етін жеткізбек. Дегенмен тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті әлдеқайда жоғары екенін, сондықтан сауда-инвестициялық ынтымақты арттыра түсу қажет, -дейді.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды