Маңғыстау облысында мердігер газ құбырын салу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы жүргізілген талдау аясында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен "Арай НС" ЖШС арасында Бейнеу ауылында газ құбырын тарту бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Алайда мердігер өз міндеттемелерін шартта белгіленген мерзімде орындамаған.

Прокурордың талап арызы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Арай-НС" ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін