Тұрғындардың тыныштығын бұзған елордалық мекеме иесіне айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында елордалық полиция қызметкерлері ұдайы негізде жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізеді.

Полицияға қала тұрғынынан Жирентаев көшесіндегі "Оазис" барында тыныштықты бұзып, түнгі уақытта қатты музыка ойнап, шулағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер аталған орынға келгеннен кейін бұл факті расталды.

Аталған факті бойынша мекеме иесіне қатысты әкімшілік айыппұл салынып, хаттама толтырылды, сондай-ақ мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін тыныштықты бұзуы, жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады, кез келген құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды