Ресейлік кеденшілер елге 17 тонна қазақстандық бұрышты өткізбеді

Сурет: Тюмень кедені баспасөз қызметі
Тюмень кеденінің және Урал өңіраралық Россельхознадзор басқармасының қызметкерлері Ресей нарығына заңсыз 17 тонна тәтті бұрыш өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тюмень кеденінің мәліметінше, тауар Қазақстаннан Мәскеуге сату үшін әкелінген.

"Бақылау барысында кеденшілер өткізілетін өнімде міндетті таңбалау болмағанын анықтады. Атап айтқанда, өндіруші, атауы, шыққан елі, экспорттаушы елі, өнімді сақтау шарттары мен мерзімдері туралы деректер",-деді кеденде.

Өнімді өткізу тәртібін бұзу фактісі бойынша Россельхознадзор өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Ал көкөністер толы жүк көлігі Қазақстанға қайтарылды.

Бұған дейін Ақтөбе облысында Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шығыс жеміс жемірімен зақымдалған шабдалы партиясының көзі жойылғаны белгілі болды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы