Биологиялық материал алмасу заңмен реттеледі

Фото: Zakon.kz
Қазақстан жануарлардың қауіпті ауруларына қарсы күресті көрші елдермен бірлесіп атқаратын болды.Тиісті келісімді бүгін сенаторлар мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат белгісіз инфекциялардың тарауына жол бермеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, микроорганизмдердің ұлттық коллекциялары толықтырылады.

Яғни зерттеушілер жаңа штамдармен жұмыс істеуге бейімделеді. Осылайша отандық мамандар оларды арнайы зерделеп, зерттеулер жүргізеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл ел көлемінде жұқпалы аурулардың зертханалық нәтижелерін айтарлықтай жақсартпақ. Ал келісімі бар мемлекеттер биоматериалмен алмасып қана қоймай, өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен бөлісе алады.

Айта кетерлігі, биоматериал коммерциялық мақсатта пайдаланылмайды. Сондай-ақ материалды іріктеу, буып-түйіп жөнелту Дүниежүзілік жануарлар саулығын корғау ұйымының ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Қаралған Келісім жануарлардың инфекциялық ауруларының таралуына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруды көздейді. Атап айтқанда, тараптардың аса қауіпті аурулардың таралуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі бірлескен іс-шаралары қарастырылған. Мақұлданған заң келісімге қатысушы елдер арасында ветеринария саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өз септігін тигізеді деп сенеміз." Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады