Қазақстан сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартты

Фото: kmg.kz
Энергетика министрлігі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", — делінген құжатта.

Кейбір жағдайларда ғана ерекшеліктер болады:

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді деп жоспарлануда.

Құжат 23 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бұған дейін газды экспорттауға тыйым салу Энергетика министрлігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрығымен енгізілген болатын. Оның мерзімі 2024 жылдың қарашасында аяқталады, сондықтан ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін экспортқа тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту жоспарлануда.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз