Полиция Алматы маңындағы "атыс" туралы видеоға түсініктеме берді

Фото: Zakon.kz
Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады. Ақпараттың авторы Талғар тас жолының бойында орналасқан Тұздыбастау ауылында атыс болғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары ақпаратқа жауап беріп, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы дәмханалардың бірінің маңында атыс болды деген ақпарат тарағаны шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірді.

Белгілі болғандай, мекеме қонақтары сөзге келіп қалып, жанжалға ұласқан. Оқиғаға сеніп тапсырылған аймақты патрульдеп жүрген полицейлер жедел түрде араласып, жағдайды реттеді.

Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар полицияға жеткізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Біз тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", — деді тәртіп сақшылары.

Бұған дейін Талғарда жасөспірімнің өлімі жұртшылықты алаңдатқан болатын. Одан кейін 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында бір топ жастар арасында ауызша жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Жанжал салдарынан екі жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді, бірақ олардың бірі алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Кейін полицейлер төбелеске қатысушылардың ұсталғаны түсірілген кадрларды көрсетті.

Кейін облыс прокуратурасы мәлімдеме жасап, прокуратураның бұл кісі өлтіру істі ерекше бақылауға алғанын түсіндірді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады