Ресейден Қазақстанға 200 миллион теңгенің темекісін "жасырын" әкелмек болған

Сурет: gov.kz
Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 22 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"17 қазанда "Шаған" автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын әкетудің жолын кесті." ҰҚК баспасөз қызметі

336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде Мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекеттенген.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз