Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте күн ең жылы болады. Онда ауа температурасы 22 градусқа дейін жылыйды. Астанада үш күн бойы жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал Алматыда жылы күндерді әлі де ұстауға болады.
Астана қаласының ауа райы болжамы
25 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 8-10 градус жылы.
26 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 градус жылы.
27 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 6-8 градус жылы.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
25 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 градус жылы.
26 қазан: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
25 қазан: көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 20-22 градус жылы.
26 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 12-14 градус жылы.
27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.
Бұған дейін метеорологтар 2024 жылдың 24-26 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.