Алматыда жәрмеңкеге байланысты Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
26-27 қазанда сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәрмеңкеге Абай мен Жетiсу облыстары ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

Жәрмеңке өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уәлиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Алматы әкімдігі көлік иелеріне ескерту жасады.

"Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 25 қазан сағат 13:00-ден 27 қазан 20:00-ге дейін жабылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты