Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды

Фото: pexels
Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимылбойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Бірлескен жұмыстың барысында "50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркінжұмыс кестесі, жоғары жалақы" деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді.

Аталған адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі "Телеграм" — арнаға сілтеме жасалады.

Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды