Шымкентте адамдарды жихадқа шақырып, терроризмді насихаттаған тұрғынға үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі ("Терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіріп") бойынша айыпталған тұрғынға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған.

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.

Прокурор Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы және қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

"Сот, Т.-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады". Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін