"Күн суытады". Еліміз бойынша 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: freepik
Сәрсенбіде, 2026 жылғы 30 қыркүйекте антициклонның қалыптасуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтар, негізінен, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталық өңірлерінде атмосферлық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын ескертеді.
"Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Синоптиктер бірқатар өңірде түнде үсік жүретінін де ескертеді.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары, Абай облысының жекелеген аудандарында ауа температурасы 1-4 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі мүмкін.
Айта кетейік, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр:
- жоғары өрт қаупі: Атырау, Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында;
- төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында.
Бұған дейін метеорологтар Қазақстанда климаттың жылынуы бұрынғыдан қарағанда екі есе қарқынмен тез жүріп жатқанын айтып, соңғы 50 жылдық зерттеуді назарға ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript