ШҚО-да 100 млн-нан аса теңге заңсыз жұмсалған

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында 100 миллонан аса теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталды.

Құзырлы органдар мемлекеттік мекемелерге кешенді тексеру жүргізіп, күмәнді төлемдер мен бюджет заңнамасын бұзуды әшкерелеген.

Мәселен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент қызметкерлері Самар ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің есепшілері биыл тамыз айында бірқатар төлемді заңсыз жүргізгендерін дәлелдеген, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар өңірдегі ветеринария қызметінің мамандары кәсіпкерлерге қажет емес анықтамаларды мәжбүрлі түрде жинатқан.

"Осы анықтамаларды беру кезінде қосымша күтіп мәжбүрлеп, қандай да бір қызметтерді көрсету көріністері анықталды. Бұл бір ауданда ғана 120 сондай оқиға орын алған. Яғни осы кәсіпкерлерлің заңсыз, мәжбүрлі түрде берген ақшалары айналып келгенде ет өнімдерінің бағасының қымбаттығына әкеліп соғады." Архат Бейсенбаев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басқарма басшысы
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: