ҰЭМ басшысы бүгінде экологияның зиянын азайту бөлігінде жоғары талаптар қойылып отырғанын мойындады.
"Батыс толығымен дерлік көмір станцияларынан бас тартуда. Халықаралық институттар мұндай жобаларды қаржыландыруды тоқтатты. Сондықтан біз қазір Екібастұз көмір станцияларын жаңғыртумен айналысудамыз Ол жерде шығарындыларды басқаруға мүмкіндік беретін технологиялар бар. Біз қазір көмір саласына бірден тоқтау қоймаймыз, бірақ шығарындыларды азайту технологиялары арқылы өтеміз", – деді Нұрлан Байбазаров 2024 жылғы 8 қарашада Астанада өткен ОАӨЭЫ министрлік конференциясының аясында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан алдағы жылдары жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жоспарлап отыр.
"Жасыл көздерден 10 мың мегаватт салу керек. Бұл жел, күн, гидростанциялар. Бұл бағыттағы жұмыстар экология министрлігімен жүргізілуде. Қазір декарбонизация, шығарындылар үшін квоталармен сауда жүйесін құру бойынша жеке тәсілдер дайындалуда. Менің ойымша, біз жасап жатқан жаңа өндірістер барлық Технологиялық параметрлерге сәйкес келеді. Біз қазір барлық жерде заманауи технологияларды қолдануға тырысамыз", — деп сендірді ҰЭМ басшысы.
Бұған дейін Бектенов Қазақстандағы ірі кәсіпорындар үшін міндетті шартты атаған болатын.