Сенат Ұлттық қордан жыл сайын екі триллион теңге шығаруды мақұлдады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Сенат депутаттары палатаның 2024 жылғы 21 қарашадағы жалпы отырысында Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы заңды мақұлдады. Құжатты мемлекет басшысы қол қоюға жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның мақсаты:

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 2025-2027 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферттің мөлшерін бекіту:

– 2025-2027 жылдарға арналған мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер негізінде мұнайдың кесімді бағасын белгілеу:

"Заңның мақсаты. Мемлекеттік міндеттемелерді орындау шығындарын өтеу үшін республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жіберіледі. Заңның қабылдануы республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етеді және Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асырады", — делінген қорытындыда.

2024 жылдың 27 тамызында Нұрлан Байбазаров Қазақстан экономикасын 2029 жылға дейін дамытудың үш сценарийін жариялады. Оның айтуынша, болжам халықаралық ұйымдардың жаһандық экономиканың өсу қарқыны мен сыртқы тауар нарықтарындағы жағдайға қатысты күтулерін ескере отырып жасалған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты