Бектенов IТ кадрлардың даярлық сапасына баса назар аударуды тапсырды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министр Олжас Бектенов IТ кадрлардың даярлық сапасына баса назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Astana Hub-та үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Жаңадан құрылатын Жасанды интеллект орталығы жас дарындарды тарту нүктесіне айналуға тиіс.

Цифрлық даму,  Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Astana Hub-пен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыса отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасау тапсырылды.

"Оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажет. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен  дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұрған жөн.  Жалпы цифрландыру, ІТ-саланы дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың дамуына ықпал етуге тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту керектігіне де назар аударылды.

Құзырлы министрлікке тиісті қор құру мәселелерін талқылау үшін венчурлік нарық өкілдерімен үкіметтік деңгейде  кездесу ұйымдастыру тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды