Астанадағы мектептің әжетханасында баланың аяусыз соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған

26 қарашада Қазнетте Астанадағы мектептердің біріндегі мектеп әжетханасында оқушының аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео авторларының айтуынша, оқиға №106 орта мектепте болған.
Астана полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне бұл деректің тіркелгенін хабарлады.
"Оқушының ата-анасы бала тәрбиесіндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылып жатыр. Материалдар сотқа және қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды. Полиция сонымен бірге Білім басқармасына мұндай фактілердің алдын алу туралы ұсыныс жолдады", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript