Астана тұрғыны мас күйінде көлікті ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

Фото: Zakon.kz
Елордада мас күйіндегі азамат көлікті айдап кеткен. Жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарына көлігінің ұрланғаны жөнінде шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Nexia автокөлігін айдап кеткен 31 жастағы жас жігітті ұстады.

Ол іздеуде болған автокөлікті мас күйінде айдап кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азамат, көршілес көпқабатты үйдің ауласында тұрған артқы есігі құлыпталмаған шетелдік көлікті ұрлап кеткен.

Ашық тұрған көлікке мініп, құралдың көмегімен көлікті іске қосып, Қарағанды қаласына қарай жол тартқан. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Осы фактіге қатысы бар адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел уәкілдер заттай айғақты тәркілеп, көлікті иесіне қайтарды.

Астана қалалық полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктерін күзетілетін тұрақтарға қоюға, ұрлықты болдырмау және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тибетте қатты жер сілкінісі болды

АЭС құрылысы және ядролық қауіпсіздік: Тоқаев Сәтқалиевтің есебін тыңдады