Әлеуметтік баспаналардың бағасы өспейді

Фото: Zakon.kz
Доллар бағамының құбылуы әлеуметтік баспаналардың бағасына қатты әсер етпейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі осылай деді.

Яғни "Отау", "Наурыз" бағдарламалары арқылы сатылатын және әкімдік тарапынан жалға берілетін үйлердің бағасына мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасалады.

Сондай-ақ құрылыс материалдарының шамамен 70 пайызы отандық өнім. Долларға еш қатысы жоқ. Сондықтан күрт қымбаттау болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал кәсіпкерлердің өздері салып, сататын үйлерінің бағасын нарық өзі анықтайды, — деді министр.

"Бұл нарық. Сондықтан ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Үйлердің жайлылық санатына байланысты бағасы да әр түрлі екені белгілі. Оның әрқайсысының өз сатып алушысы бар. Сондықтан болжам жасау қиын. Біз мемлекет тарапынан әлеуметтік баспана бағасына ғана бақылау орнатамыз." Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді