Қазпошта басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Муканов
Мәжілісте "Пошта туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар бекітілгеннен кейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасова журналистерге жалақысын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қолына 1,2 миллион теңге "таза" алатынын айтты. Бұл ретте пошташылар орта есеппен 160 мың теңге алады. Кейбіреулер толық емес жұмыс күн қызмет істейді, өйткені шалғайдағы ауылдарға хат сирек келеді және жұмыс көп емес.

"Пошта бөлімшесінде тек пошташылар қызмет істемейді. Бізде жүргізушілер, сұрыптаушылар, операторлар бар.Жалақы әртүрлі. Пошташылар жарты күн жұмыс істейтін аймақтар бар.Олар толық күн жұмыс істемейді. Үшінші ауысымда сұрыптаушы түнде шықты делік. Ай сайынғы жалақысының үштен бірін алады. Ал адамның жалақысы аз болғанымен, шын мәнінде үш-төрт жұмысы бар сияқты", – дейді Әсел Жанасова.

Ол ұйымның жалақыны жыл сайын арттыратынын атап өтті. 2023 жылы ауылдағы өндірістік персонал үшін 25%-ға өсті. Биыл – тағы 15%-ға. Поштада негізінен әйелдер жұмыс істейді, шамамен 85%.

2022 жылы өңірлердегі пошташылар айына орташа есеппен 90 мың теңге жалақы алды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады