Оралдық құрылысшы өз мамандығын мақтан етеді

Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Прораб – өз учаскесіндегі құрылысты қадағалайды. Өндірістік тапсырмаларды белгілейді, құрылыс, монтаждау және іске қосу жұмыстарын жүргізіп, олардың орындалуын бақылайды.

Осы міндеттерді мүлтіксіз орындап жүрген кейіпкеріміз Қуанышбек Қадимовтың құрылыс саласында еңбек етіп жүргеніне қырық жылға жуықтапты.

Ол құрылыс техникумын бітірген соң Саратов облысында алғашқы еңбек жолын бастайды. Сол жақта отбасын құрып, бір ұл, бір қызы дүниеге келеді. 2002 жылы Саратов облысынан Орал қаласына қоныс аударады. Содан бері Ақсай қаласы, Атырау облысында мұнай кеніштерінде құрылыс саласында прораб болып, жемісті еңбек етеді. Қазіргі күнде ол Орал қаласындағы "KazConstructionGroup" ЖШС-де құрылыс шебері болып орналасып, облыстық прокуратура ғимаратының салынуына үлес қосуда. Біз кейіпкерімізден прораб мамандығының ерекшеліктерін сұрадық.

"Прораб – жалғыз өзі барлық мәселелерді тез шеше алмайды. Құрылыстағы барлық мамандармен біте қайнасып, жұмыс істеп, белгіленген мақсатқа жете аламыз. Сондықтан өндіріс процесін ұйымдастыру, бригада орындаған жұмыстарды есепке алу, құрылыс мерзімінің сақталуын бақылау, өзіне сеніп тапсырылған учаскеде жұмысты ұйымдастыру, нысанды құрылысқа салу, іске қосу осының бәрін прорабтың тікелей ұйымдастыруына байланысты", – дейді Қуанышбек ағай.

Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Ол өз жұмысын жақсы көреді. Сондықтан да күнде ерте тұрып Стройтель шағын ауданында салынып жатқан жетті қабатты прокуратура ғимаратына барады. Таңғы сағат 08 00- де құрылысшылар жұмысқа дайын. Қызу еңбек майданы басталады.

"Біз салып жатқан прокуратура ғимаратының сыртқы жұмыстары бітті. Енді жылу, су беруіміз керек. Оған арнайы мекемелерден мамандар келеді. Содан кейін ішкі жұмыстар басталады", – дейді бізбен әңгімелескен Қуанышбек Қадимов.

Көшеде жүріп қызу қайнап жатқан құрылыс алаңдарын жиі көреміз. Сол жұмыстардың ың-шыңсыз, қалыпты жағдайда жүріп жатқаны прораб, құрылыс шебері мамандарының құрылысшыларды ұйымдастыруа білуіне байланысты екенін көп адам байқай бермейді. Өйткені прораб құрылыс алаңындағы биригада жұмысын жоспарлап үйлестіруге тікелей жауапты. Сондай ақ топты басқару, тапсырмаларды бөлу, сапаны бақылауға да прораб пен құрылыс шеберінің негізгі жауапкершілігіне жатады. Әңгіме барысында құрылыс саласына қырық жылын арнаған қарапайым еңбек адамы Қуанышбек ағайдың өзі таңдаған мамандыққа деген адалдығын байқадық.

Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандықтарды жасанды интеллектке мектеп қабырғасынан үйретпек

Еліміздің қай қаласындағы жастар жиі шаңырақ көтереді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды