Астанада қоғамдық орындарды ластаған 15 мыңнан астам азамат жазаланды

Фото: Zakon.kz
Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі" экологиялық акциясы аясында Астана қалалық полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзу және қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Іргелес аумақты уақытында тазаламағаны және қоқыс үйіндісін жасағаны үшін 188 құрылыс компаниясы, аудан аумағын тазалаумен және қалдықтарды шығарумен айналысатын 205 мердігер ұйым, сондай-ақ қызмет көрсетілетін ғимараттардың іргелес аумақтарын дұрыс тазаламаған 92 ұйым жауапкершілікке тартылды.

Осы жылдың басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 15 мыңнан астам, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 20 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталып, жазаланды.

Қала аумағында қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында анықталмаған орындарға қоқыс тастаған тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жалпы, осы жылдың басынан бері рұқсатсыз қоқыс шығарғаны үшін 394 жүргізуші, ал ағынды суларды төккен 95 кәріз көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қалалық полиция департаменті қала тұрғындарын немқұрайлы қарамауға шақырып, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосуға және акцияға қатысуға үгіттейді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстандықтар үшін маңызды мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді