Екібастұзда жылу коллекторында әйел адамның денесі табылды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Екібастұздағы М.Жүсіп - Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығы жанды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 18 желтоқсанда түскен. Өртті сөндіру кезінде коллектордан адамның денесі табылды.

Аталған фактіні 112 қызметкері растады, мүрде жедел жәрдем бригадасына сараптамаға тапсырылды.

Екібастұз қалалық полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар