Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болды

Сурет: gov.kz
2024 жылдың 20 желтоқсанында Астанада Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысын сайлау өтті. ҚФФ конференциясының қорытындысы бойынша бұл қызметке Марат Омаров сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Омаров басқа екі үміткердің бәсекелестігін басып озды. Алғашында бұл президенттік қызметке алты адам өтініш білдірсе, оның үшеуі — Наргис Магау, Давид Лория және Ерлан Жамантаев түрлі себептермен жарыстан ерте шығып қалды.

Нәтижесінде Алтай Даумов, Ербол Қайыров және Марат Омаров қалды.

36 жастағы Марат Омаров "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда жұмыс тәжірибесі бар. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болды, кейін оны басқарды.

ҚФФ-ның бұрынғы президенті Адлет Барменқұлов 2024 жылдың 8 қарашасында қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз