Астанада тұрғынды 20 млн теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды

Фото: freepik
Алаяқтық бойынша қала тұрғыны полицияға арыз жазып, 49 жастағы Түркия елінің азаматына алданғанын айтты.

Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы аясында күдіктіні анықтады.

Күдіктінің жәбірленушімен бір отырыста кездесіп, танысып, жөн-сұрасқаннан соң, бірге бизнес ашпақшы болғаны мәлім болды.

Күдікті Түркиядан тауар әкелем деп алдау арқылы жергілікті тұрғыннан 20 млн теңге ақша ұрлап, кейін ізін суытты. Жәбірленуші ақшаны оған қолма қол берген.

Алаяқ тағы 3 адамды дәл осылай алдаған. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қылмысқа қатысы бар адам өз кінәсін мойындады.

Күдікті қазіргі таңда абақтыда отыр. Алаяқтың ашылмаған ұқсас сипаттағы қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды