Қаңтарда ҰБТ тапсыратындарға құлаққағыс: Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады

Сурет: pexels
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қаңтардағы ҰБТ-ға қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы мекеме қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 30 желтоқсанда сағат 23:59-да аяқталатынын еске салды.

"Осыдан кейін тестілеу пунктін, күнін және уақытын өзгерту мүмкін болмайды. Бейіндік пәндер мен тестілеу тілін таңдауға өзгерістер енгізу Сіздің тестілеу күніңіз басталғанға дейін 24 сағат бұрын мүмкін болады. Тіркелу кезінде өте мұқият болуыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.  

Қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 20 желтоқсанда басталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге Ұлттық тестілеу орталығының сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 2025 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпан аралығына дейін өткізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін